Бір күндік құремттің "қадірі"

3232
Adyrna.kz Telegram
Көктем сайын қазақ қоғамында қос тақырып қай­ыра көтеріліп, қойыртпақтанады да жатады. Біріншісі, 14 ақ­пан - «әу­лие Валентин күні», екіншісі, 8 наурыз - Халық­ара­лық әйелдер күні. Шынтуайтына келгенде, бұл ат­ал­ған қос мейрамның да тарихы жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне екеуі де қазаққа жат, зорлықпен та­ңыл­ған даталар. Орыстілді немесе орысқол қазақ ба­у­ыр­ларым, әрине, кеңірдектерін созып, уәж айта жа­т­ар, бірақ, бәрібір, бәрінікі бос сөз, құр қоқан-лоққы...
«Ұра берсең, сайтан да өледі» демекші, әулиенің күні күңгірттене бастаған сыңайлы, тек басына орыс­шыл­дық өтіп кетіп, жүрегіне қара дақ салған топалаң то­быр ғана 14 ақпанда қолдарына жүректің суреті са­лынған титімдей открыткаларын ұстап, алақтап жүреді...
Ең қиындауы, 8 наурыздың нәубеті болып тұр. Аға буын айықпастай уланып, орта буын оңбай омақасқан, тіпті, жас буынның буынына түсіп кеткен Әйелдер күні, бір қарағанда, зиян-зобалаңнан ада, жаймашуақ көктемнің көңілді беташары секілді. Дей тұрғанмен, 8 наурыздың тарихы да тарамыстанып жатыр.
Тек, анаға деген құрмет қана қазақтың тілін күрмелтіп, екпінін еңселетіп отыр.
Негізі, 8 наурыз - гүл сатушылардың нағыз мейра­мы. Сірә, осы бизнестің өкілдері осы бір-ақ күнде бір жылдық қорын жинап алатын шығар. Құрбан айт­ында қой саудалаушылар о дүниенің сауабынан гөрі, бұ дүниенің қалауына жеңіліп жатса, 8 наурызда гүл сатушылардың құдайы беріп қалады. Қызғаныш жоқ, еңбек еткен еселеп жесін, бірақ, тағы да ұят пен иманды аттап кететініміз қалай?!. Қалтасы жұқа бір-ақ тал гүл алғанға алара қарап, қалтасы мен қар­ны қампиып, бірнеше кәрзіңке гүл шоғырларын саудалағанның алдында құрдай жорғалайтынымыз қалай?..
«Мейрамның тарихы» демекші, 8 наурыз туралы ойын білдірген белгілі тележурналист Серік АБАС-ШАХ ағамыз көгілдірлер мен еркекшоралардың ойлары мен қолдарынан шыққан заттарды еркін қолдана беруге шақырыпты. Меніңше, «спорный вопрос»...
Даусыз мәселе, 8 наурыз жайлы қазақ қоғамында біржақты тұжырым жоқ.
Бір күндік құрметтің «қадірі» қалай баянды болсын!
Аяулы ана мен ардақты ару күн сайын, сәт сайын құрметке лайық.


Қажымұқан Ғабдолла
Abai.kz
Пікірлер