Ұлттық банк қазақ балуаны Қажымұқанға арнап монета шығарады

3102
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық банк JYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL деп аталатын коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың сатылымға шығуы туралы ҚҰБ-тың ресми сайтында жарияланды.

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. 2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады.

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 150 JYL деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021» деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра QAJYMUQAN MUŃAITPASULY деген жазу орналасқан.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер