Елордада «Тәуелсіздік дастаны» атты концерт өтті

4758
Adyrna.kz Telegram

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік дастаны» мерекелік концерті өтті. «Тәуелсіздік дастаны» – егемен Қазақстанның 30 үздік хит әні орындалатын музыкалық мюзикл.

«Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Мерекелік шара барысында бейнелерді өзгерту арқылы музыкалық эстрадалық мәдениетіміздің қалыптасу кезеңдері (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін) көрсетілді. Тәуелсіздік жылдарындағы ән мәдениетін бейнелейтін мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті», - дейді ұйымдастырушылар.

Атап айтқанда, концертте Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласындағы жетістерге екпін қойылды. Осы орайда өнер қайраткерлері 30 жыл ішіндегі ең танымал әндерді шырқады.

 

Пікірлер