БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

3202
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімдігінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік жиын болып өтті.

Аудан әкімі Р. Мыңбаев салтанатты жиынға қатысушыларды Тәуелсіз еліміздің басты мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде аудан әкімдігінің басты мақсаты тұрғындардың өмір сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру және бірлесе жұмыс атқару арқылы қаламызды одан да жайлы ете түсу керек екендігін нақтылады.

«Осы бағытта аянбай еңбек етіп, кең байтақ еліміздің даму жолында асқақ армандар мен батыл жоспарларды жүзеге асыруға септігін тигізіп жүрген бірқатар азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградтауға рұқсат етіңіздер. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» - деген аудан басшысы білім, медицина, мәдениет, спорт, әлеуметтік және тазалық салаларына елеулі еңбек сіңіріп жүрген аудан тұрғындарына мерекелік медальдарын табыстады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер