Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

3427
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды,  деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы.

Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпқой бокс кешінде Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен жұдырықтасып, жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін сарапқа салды.

Д. Елеусінов қарсыласын екінші раундта екі рет, үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Бірақ аргентиналық боксшы кездесуді жалғастырып, 12 раундқа шыдады. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Елеусінов тарихта әлем чемпионы белбеуін таққан бесінші қазақстандық атанды. Бұған дейін әлем чемпионы титулына Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов қол жеткізген еді.

Айта кету керек, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Сондай-ақ ол — әуесқой бокста әлем чемпионы (2013) және Азия чемпионы (2013-2015).

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер