Алексей Навальный “Сахаров” сыйлығына ие болды

1779
Adyrna.kz Telegram

Медаль, атақ алып жатқан қазақтармен жарысып түрмедегі Алексей Навальный да адам құқығы жөніндегі "Сахаров" сыйлығына ие болды. 

Навальныйдың 20 жасар қызы Дарья әкесіне берілген сыйлықты алып тұрып бүгін Страсбургуте, Еуропа парламентінде батыстың саясатын сөкті.

«Адам құқығын аяққа таптап жатқан елдермен ештеңе болмағандай аралас-құралас жүре бересіңдер» деп айыптады.

«Екіжүзділерің де, жемқорларың да бар» деді.

Ол: «Ресей оппозициясы жетекшілерінің бірі Борис Немцов Кремльдің жанында арқасына оқ тиіп өлді. Осы сәтте прагматик келіп «бұған ештеңе істей алмаймыз, сынап мәлімдеме жасайық та диалогты жалғастыра берейік» дейді.

Ал олар Берлиннің ортасында екіншісін, үшіншісін, төртіншісін, Ұлыбританияда бесіншісін өлтіреді. Сосын Еуропада және бір қойманы жарып жібереді.

Кейін химиялық қару қолданып қыра бастайды. Қазір кейбір қастандықтың сәтсіз болғанын білеміз. Ал қаншасы жүзеге асты?» деп сауал қойды.

Сурет Deutsche Welle сайтынан алынды.

Нұрбек ТҮСІПХАН

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер