Мен «Халық қаһарманы» атағын алғанда қуанды деп ойламаңдар. Қаһарман белгісін кеудеме таққанда сыр бермей, шыдадым. Үйге келдім. Келдім дағы есікті бекітіп, оңаша отырдым да бір шиша коньякты ішіп алып, өкіріп жыладым. Қатты күйзелдім. Бауыржан мен Рахымжанды о дүниеге жіберіп, өзім тірі қалып, осы награданы әдейі күткендей болдым. Шынын айтқанда, бұл жұлдыздың маған керегі жоқ еді. Маған «Партизан Қасым Қайсенов» деген атақтың өзі жетеді. Кейін Рахымжанға Халық қаһарманы атағын берген күні тағы да жыладым. Өйткені аз да болса оның аруағы алдында арым тазарғандай болды...
Қасым Қайсенов,
"Адырна" ұлттық порталы