«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

3507
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 – күн» акциясы өтілуде. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы акция аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Акцияның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық секілді 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді және орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-аналар, 24- балалар бар.

«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн акциясы» аясында тұрғындарға қажетті мәліметтер қамтылған буклеттер мен 750 дана кітапшалар таратылды.
Жоспарға сәйкес Шымкент қаласы Абай, Әл Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларына орталықта арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған жағдайда 45-03-03 сенім және 8-775-450-54-33 ыстық желі нөмірлеріне хабарласуға болады.

Пікірлер