«TAR ZAMAN»-ды Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодарда көрсетуден бас тартыпты

3237
Adyrna.kz Telegram

Алаш арыстары жайлы көпке беймәлім деректер! Ұлт үшін құрбан болған ұлы тұлғалар туралы «TAR ZAMAN» телевизиялық жобасының қысқартылған нұсқасы бүгін үлкен экранға шығады. Туындыда 20-ыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының тар жол, тайғақ кешуі көрініс тапқан. Тек мағынасы терең әрі құнды фильмді еліміздің кей өңірлері қажетсінер емес. Яғни, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодардағы кинотеатрлар оны көрсетуден бас тартқан. Бұл жайында КТК телеарнасында айтылды. 

Телеарнаның айтуынша, Картинаның телевизиялық нұсқасы 12 бөлімнен тұрады. Ал, үлкен экранға ықшамдалған түрі шықпақ. Бірақ, халқы үшін құрбан болған тұлғалар туралы кино әлден шеттетілуде. Яғни, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодардағы кинотеатрлар оны көрсетуден бас тартқан. Сондықтан, өз туындымызды менсінбегендерге бүкіл түсірілім тобы өкпелі. Сондай-ақ, телеарна фильмнің дистрибьюторы Данияр Айсаның да сөзін келтіріпті:

– Бұл қазақ киносы. Қазақтың тарихы. Оны әр адам көруі керек. Кинотеатрларда Американың, Еуропаның фильмдері еш кедергісіз көрсетіледі. Ал, өзіміздің киноны қабылдамай жатыр. Негізі «TAR ZAMAN-ды» асыға күтіп жүрген адам көп.


"Алаш Ордасы",

VK парақшасынан

Пікірлер