Дүйсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Қытайдағы ойындарға дипломатиялық бойкот жарияланғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
АҚШ шенеуніктері Бейжіңге келмейді.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) АҚШ-тың Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық жолмен бойкот жариялау шешіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы дүйсенбі, 6 желтоқсанда Match TV хабарлады.
"Олимпиадаға мемлекеттік қызметкерлер мен дипломаттардың қатысуы белгілі бір ел билігінің таза саяси шешімі болып табылады. ХОК саяси бейтараптылықты сақтай отырып, бұл құқықты толығымен құрметтейді", - деді ХОК өкілі.
Бұған дейін АҚШ үкіметі Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды ресми түрде жариялағаны белгілі болды.
АҚШ-тағы бұл шешім «Шыңжаңдағы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстардың жалғасуымен» түсіндірілді.
Дипломатиялық бойкот АҚШ үкіметінің шенеуніктерінің Ойындарға қатыспайтынын білдіреді, бірақ американдық спортшылар әлі де жарыстарға қатыса алады.
”Адырна” ұлттық порталы