Қытайда сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалатын автокөлік пайда болды

3937
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Шанхай қаласындағы "Pantuo Aviation" компаниясы жылдамдығы жоғары, ұшатын таксиді, яғни "PANTALA Concept H" жобасын жұртшылық назарына ұсынды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "newatlas.com" сайтына сілтеме жасап.

"Pantuo Aviation" компаниясы "PANTALA Concept H" ұшатын автокөлік құрастырған. Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір ұшқанда 250 шақырымға дейін жерге қонбайтын бұл модель толық электрмен жұмыс істейді. Кабинасы 5 адамға шақталған ұшатын автокөлік лития ионды батареяны пайдаланады, ашық пропеллердің орнына электрмен жұмыс істейтін 22 арналы желдеткішпен жабдықталған.

Аталмыш жоба 2027 жылы пайдалануға берілмек. "PANTALA Concept H" жобасы электр қуатымен ұшатын, тігінен және көлденеңінен ұшып-қона алатын әрі әуеде бір орнында қалықтап тұра алатын "eVTOL" шағын ұшағына ұқсас. Бұл технология электрмен жұмыс істейтін қозғалтқыштың арқасында пайда болды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер