Әлемде ең бірінші ел климатқа байланысты көшуге дайындалып жатыр

2982
Adyrna.kz Telegram

Тувалу арал мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Кофе егер елді су басса, оның тұрғындары көшуге мәжбүр болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "lenta.ru" сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Тувалу билігі жаһандық жылынуға байланысты ең жаман сценарийді қарастырып жатыр: мәселен арал аумағын Дүниежүзілік мұхит суы басып, өмір сүруге жарамсыз болып қалады.

Егер бұл сценарий орындалса, Тувалу климаттық апаттарға байланысты қоныс аударған әлемдегі алғашқы мемлекет болады. Бес мыңға жуық Тувалу тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп үлгерген.

"Қазіргі уақытта бұл — мемлекет халқының шамамен 50 пайызы", - деді С.Кофе.

Ел қазірдің өзінде дайындықты бастаған, билік мәселені халықаралық құқық тұрғысынан шешуге тырысып жатыр.

"Біз территориямыздан айырылсақ та, елдер Тувалуды тануы үшін тырысамыз. Сонымен қатар басқа жерде болсақ та, бірге әрекет етуді жалғастыру үшін цифрлық ұлт құра алатын технологияларды талқылап жатырмыз", - деді министр.

Шаралардың бірі ретінде Тувалу тұрғындардың қызметтерді онлайн режимінде алуы үшін барлық процесті цифрландыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Саймон Кофе Глазгодағы БҰҰ-ның Климат саммитінде (COP26) сөйлеген сөзін тізеден келетін суда тұрып жазған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер