Артында 7 баласы қалған ана өліміне қатысты тың деректер шықты

4694
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында пышақ жарақатынан қаза тапқан әйелдің денесі табылды. Қатыгездікпен өлтірілген марқұмның ісіне қатысты тың ақпараттар шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы exk.kz-ке сілтеме жасап.

35 жастағы әйелдің артында жеті баласы қалды. Олардың ең кішісі 5 жаста, ал үлкені колледжде оқиды. Жылыой ауданының әкімдігі әйелді бірнеше рет жұмысқа алғанымен, тәртіпті жиі бұзғандықтан жұмыстан босатқан. Соңғы кездері күйеуі де жұмыссыз болған, ал өзі еден жуушы болып жұмыс істеген

- Бұл отбасы молшылықта өмір сүрді деп айта алмаймын. Ерлі-зайыптылар әр жерде жұмыс істеп, отбасын асырады. Күйеуі ішіп, кейде әйеліне қол көтеретін. Біз оның тіпті полицияға арыз жазғанын да естідік. Оны өлтірген кезде біз шошып кеттік. Оны ұры өлтірді деп айта алмаймыз, оның өзінде құнды заттар болған жоқ. Ол кісі өлтірушімен таныс болған дейді, - дейді туыстарының бірі.

35 жастағы әйелдің екі несиесі болды. Ол оларды не үшін алғаны әлі белгісіз. Аудан әкімдігі мемлекет тарапынан отбасына барлық қажетті көмек көрсетілгенін хабарлады.

- Жеті баланы асырау өте қиын. Біз қайырымдылық шараларын өткізген кезде оларға әрдайым көмектестік. Біз оның күйеуіне үнемі жұмыс ұсынатынбыз, бірақ ол үнемі жұмыстан шығып кететін. Одан бөлек, отбасы мемлекеттен 74 мың теңге жәрдемақы алды, — деді жергілікті әкімдіктен.

Кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Ол 25 жастағы Жылыой ауданының тумасы болып шықты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер