Алматыда әр топтағы мүгедек жандар митингке жиналды

2850
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Уәлиханов алаңында әр топтағы мүгедектер митингке жиналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

Жиналған қауым мүгедектерге берілетін жәрдемақыны көбейтуді, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін дәрі-дәрмек бағасын төмендетуді талап ететін плакаттарды көрсетуде.

Наразылық білдірушілер министрлер өз міндеттерін орындамай жатыр деп есептейді. Олар мүгедектерге төленетін жәрдемақыға өмір сүру мүмкін еместігін, ал кейбіреулеріне мемлекет кепілдік берген медициналық көмек көрсетілмейтінін айтады.

Белсенділердің бірі өлімнен басқа амалы жоқ екенін мәлімдеді.

Халық шеру өткізу туралы билікке өтініш білдірмеген, полиция қызметкерлері олардың тарауын талап етті.

Митинг таратылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер