Ресейде Әмір Темірге ескерткіш орнатылады

2885
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Самара облысында ұлы қолбасшы, билеуші және жаулаушы болған Әмір Темірдің құрметіне ескерткіш орнатылуы мүмкін. Өзбекстан министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес ескерткішті Cамара облысының Кондурча өзенінің бойына  орнату жоспарлануда. 

Құжатқа сәйкес, Өзбекстан үкіметі Әмір Темірдің осыдан 600 жыл бұрын Алтын Орда ханы Тоқтамысты жеңгенінің құрметіне Ресей Федерациясында ескерткіш орнатады.

Қаулыда Самара өлкетанушыларының Кондурча өзеніне орнатқан ескерткіш тастың орнына Әмір Темір мен оның сарбаздары бейнеленген композициялық ескерткіш орнатуға шолу байқауын өткізу ұсынылады.

Байқау қорытындысы бойынша Өзбекстан тарапы Ресей Сыртқы істер министрлігі және Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ескерткіш орнату туралы меморандум дайындап, қол қоюды көздеп отыр. Олар жобаны 2023 жылға дейін жүзеге асырмақшы.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер