Алматыда әйел үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті

7001
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 28 жастағы келіншек үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға "Жетісу"шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.

- 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер