АҚШ Ресейге қатаң санкциялар салуды ұсынды

2706
Adyrna.kz Telegram

АҚШ сенаторы, Халықаралық істер комитетінің басшысы Роберт Менендес Ресейге "Украинаны басып алған" жағдайда санкциялар енгізуді ұсынды. Бұл туралы 19 қарашада Конгресс сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Түзетуге сәйкес, АҚШ президенті санкциялар енгізіп, Ресей әскери күштерінің, барлау қызметкерлерінің елге кіруіне тыйым салуы керек. Сонымен қатар онда Ресей банктеріне, мемлекеттік мекемелерге, мұнай-газ секторына, өндіруші компанияларға, сондай-ақ елдің егемендік қарызын бастапқы және қайталама орналастыруға қарсы санкциялар қарастырылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер