Әуежай қызметкерлері ұрлық жасау кезінде ұсталды (ВИДЕО)

11957
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында 63 мың литр авиациялық отын жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады. Тергеу барысында ол әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды»,– делінген хабарламада.

Алыасатарлар керосиннің литрін 120 теңгеден, ал отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға 150-160 теңгеден сатқан.

Айта кетейік, қызметкерлер 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер