Қылмыскерлер қарумен келіп ойын клубын тонаған (ВИДЕО)

3038
Adyrna.kz Telegram

Жаркент қаласында  қолдарына тапанша мен кесілген шолақ мылтықпен қаруланған қылмыскерлер ойын клубын тонап кеткен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

15 қарашада таңғы сағат 4:00 шамасында Жаркент қалалық Панфилов аудандық полиция басқармасының полиция бөліміне қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнын қарап шыққан полицейлер диаметрі 9 мм болатын жарамсыз патрон тапқан. Тонау кезінде қылмыскерлердің бірі тонауды тоқтатпақ болған клуб әкімшісін шошыту үшін аспанға оқ атқан. Қылмыстық топ клубтан бір миллионнан астам теңге ұрлаған.

Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы облысы ІІД қызметкерлері мен Панфилов аудандық полиция бөлімінің ОҚБ жедел уәкілдері қаланың әр жерінде үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Алматы қаласының (қонақүйде, жалдамалы пәтерде және көшеде) Жаркент қаласының тұрғындары болып шықты. Ұстау кезінде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Соманың бір бөлігі 22 жастағы екінші күдікті мен олардың 23 жастағы сыбайласынан тәркіленді.

— Айғақтармен әшкереленген ұсталғандардың барлығы қалған ақшаның ойын-сауыққа жұмсалғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Қауіптілердің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Барлық айыпталушы Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес басқа ақпараттар таратылмайды, — дейді Алматы облысы ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Самал Арғынғазинова.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер