Шымкентте оқ және стенд атудан халықаралық турнир басталды

2319
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте Гран-при КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқ және стенд атудан XXX Халықаралық турнир басталды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді. Жарыс 2021 жылдың 25-31 қазан аралығында «Shymkent Shooting Plaza» атқыштар кешенінде өтуде.

Жарыстың мақсаты-еліміздегі ату спортын дамыту, спортшылардың біліктілігін арттыру және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Стенд ату бойынша халықаралық турнир "SHYMKENT SHOOTING PLAZA" ашық ату алаңында өтеді, ал оқ ату бойынша жарыстар Шымкент қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің атыс тирі базасында өтеді. Турнир ел Тәуелсіздігінің 30 жылына сәйкес отызыншы рет өткізіліп отыр. 2018 жылдан бастап бұл турнир ISSF халықаралық ату федерациясының спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді.

Жарысқа 5 елден - Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар қатысады.
Сондай-ақ, турнир барысында Олимпиада және Азия ойындарының, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері, Әлем кубоктарының жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетеді.

Айта кету керек, Шымкентке келген барлық спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар анықтамаларды ұсынды. Сонымен қатар, турнир өтетін спорт нысандарында барлық санитарлық нормалар сақталады.

Пікірлер