Автобус жүргізушісі әйел адамды қағып кетті (ВИДЕО)

5462
Adyrna.kz Telegram

Таразда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында әйел  адамды қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

—  Оқиға, бүгін, 11 қараша күні таңертең Жамбыл және Төле би даңғылының қиылысында болған. Маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел жолды оңнан солға қарай кесіп өтіп бара жатқан, — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында әйел адам қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер