Шетелдік көлік иелері үшін жедел желі іске қосылды

2585
Adyrna.kz Telegram

Шетелдік көлік иелері үшін жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Алматыда басқа елдерде тіркелген көлік құралын пайдалану ережелерін түсіндіруге арналған сall-орталықтары жұмыс істейді. Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, ауызша кеңесті 8-747-733-10-20 телефон нөмірі арқылы алуға болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақпараттың хабарлауынша, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі ресейлік нөмірлі көліктерді тіркеуде ешқандай жеңілдіктің болмайтынын мәлім еткен болатын.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, Қазақстан аумағына сырттан әкелінген кез келген көлік заңға сай тіркеуден өтуі тиіс. Және талап барлық азаматтарға ортақ. Яғни көлік тіркеуге қатысты заңда белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдік жағы қарастырылмаған. Сондықтан да елімізде тіркелмеген көлік иелері ережеге бағынуы керек. Олай болмаған жағдайда заң аясында автокөлігі тәркіленіп, иесіне айыппұл салынады.

Айта кетсек, Қазақстанда жүрген ресейлік нөмірлі 88 мың көліктің тіркеуден шығарылғаны анықталды.

 “Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер