Қазақстанда жастармен жұмыс жөніндегі маманның құзыреттілік моделі әзірленді

3861
Adyrna.kz Telegram

Жобаның мақсаты – жастар ресурстық орталықтары арқылы жастардың өзін-өзі тану және қабілеттерін дамыту, өз идеяларын туған өңірінде жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасау.

Жобаның негізгі міндеттерінің бірін іске асыру аясында ел жастарымен жұмыс жөніндегі маманның құзыреттілік моделі және жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленді.

Бүгінде елімізде 209 жастар ресурстық орталығы бар, оларда 2702 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 1790 адам (75 пайызы) тікелей жастармен жұмыс жүргізеді.

Жобаны әзірлеу жастармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселелерді шешуге, сондай-ақ жастар жұмысын кәсібилендіруге негізделген. Жаңа жоба — халықаралық және отандық жұмыс тәжірибесін талдау нәтижесінің жемісі.

Осы құзыреттілік моделі негізінде жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған арнайы білім беру бағдарламасы әзірленген.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап «Жастар жұмысшылары қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің қолдауымен «Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша шаралар кешенін қабылдау» жобасын жүзеге асыруда.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер