«Туған елге тағзым» экспедициясы алматы облысының тарихи орындарымен танысты

4686
Adyrna.kz Telegram
SONY DSC
SONY DSC

Еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы жұмысын бастады. Талдықорғандық НЗМ оқушылары Алматы облысының тарихи орындарымен танысты.

Алғашқы зерттеу нысаны 17 ғасырдағы «Текелі стела» будда ескерткіші болды. Қатысушылар Қазақстандағы буддизмнің таралу тарихымен танысты. Сондай-ақ олар Жоңғар Алатауының ұзындығы 70 шақырымға жуық «Қора» шатқалында да зерттеулер жүргізді.9-сынып оқушысы Даниярқызы Жания «Теңіз шырғанағының қоршаған ортаға пайдасы» деген тақырыпта зерттеу жұмысын бастады. Жәние Алматы облысында өсетін теңіз шырғанақтарының түрлік құрамын анықтап, оның биологиялық қасиеттерін зерттеуге де кірісті.

Сонымен қатар Текелі қаласының алма бағын да аралады. Жетісудің Сенап, Восход, Золотое превосходство, Лазаревское, Квинти сияқты бағалы сорттарының шығу тарихымен танысты.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес құру және өз идеяларын жүзеге асыру жолдарын үйренді. Және де кәсіпкерлік негіздері бойынша бизнес-тренингтен өтуге мүмкіндік алды.

Ләззат Алтынбекова, Алмагүл Шегеқызы және Ардақ Сұраншықызына алғысымды білдіремін. Өйткені олар мені кәсіпкер болуға шабыттандырып қана қоймай, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін де көрсетті, – дейді сұхбатында Талдықорған НЗМ 11-сынып оқушысы Айболат Қажыәқпар.

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы Елбасының туған ауылы Шемолғанға да барып қайтты.

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Тұңғыш Президент мұражайында  Елбасының өмірбаяны туралы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы аса маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалар туралы мұрағат материалдарымен танысып, білді.

Экспедиция «Шарын» ұлттық табиғи саябағы, «Қайыңды», «Көлсай» көлдеріне экскурсиямен аяқталды.

«Туған елге тағзым» жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Экспедициясы барысында НЗМ оқушылары жүздеген ғылыми еңбектерін ұсынады.

Пікірлер