Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармайдың үздіксіз өндіріліп жатқанын, бензин халықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті екенін жеткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.
"Қордың көлемі халықтың бензинге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осы жағынан алғанда, бензин тапшылығының орын алуына негіз де, алғышарттар да жоқ", - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік енді жанар-жағармай құнының негізсіз өсімі мен нарықта жасанды тапшылық туғызу фактілері тіркелсе, тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатынын жеткізді.
"Адырна" ұлттық порталы