Шымкентте жылдам, дәл нәтиже беретін зертханалық кешен ашылды

2402
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК мен Израильдің AID Genomics халықаралық геномдық компаниясы арасындағы келісім аясында коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылды.

Кешеннің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Израильдің Қазақстандағы Елшілігі Миссиясы басшысының орынбасары және тағы басқа қонақтар қатысты.

Ашылған зертханалық кешенді жұқпалы ауруларды диагностикалауға мамандандырылған AID Genomics компаниясы зертханаға арнап гуманитарлық көмек ретінде КОВИД-19 зерттеу жабдықтарымен қамтамасыз етті. Ал бұл зертханалық жабдықтар тәулігіне 2500-ге дейін тест анықтауға қабілетті, өнімділігі жоғары толық автоматтандырылған кешен болып саналады

Бұдан бөлек нәтижелерді қалыптастыру, процесті мониторингтеу және жеделдету үшін жасанды интеллект технологиясын пайдаланатын бағдарлама пайдалануға берілетін болды. Ал бұл өз кезегінде адам факторының әсерін барынша азайтады және нәтижелердің дәлдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, КОВИД-тестілеу кешені жоғары өнімді, жылдам, дәл нәтиже береді. Аталмыш жабдық Шымкент қаласы бойынша кәсіпорын базасында орнатылды.

Жалпы, AID Genomics - қатерлі ісік және жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын медициналық технологияларға маманданған халықаралық компаниялар тобы. Онда онкология, молекулалық биология, молекулалық патология, геномика және биоинформатика саласындағы жетекші мамандары жұмыс істейді.
Сондықтан Израильдің коронавируспен күрестегі жетістіктерінің аясында зертханалық жабдықтың берілуі инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға зор мүмкіндік беретін болады.

Зертханалық кешен ашу бастамасы Қазақстанның Израильдегі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер