Тоқаев Мирзиеевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

3598
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті, - делінген Ақорда сайтында.

Айта кетейік, алдағы уақытта қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер