Байден АҚШ Тайваньды қорғайтынын жеткізді

2676
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байденнің Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон оны қорғайтынын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Америка дауысының" мәліметінше, CNN телеарнасының Балтиморда ұйымдастырған кездесуінде Байденге: "Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?" деген сауал қойылған.

Аталған сауалға АҚШ Президенті: "АҚШ Тайванды қорғауға міндетті", - деп жауап берді.

Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер