"6 ай Стамбулда қамаласыңдар": Динара Қосжан өзіне шағым түсіргендерді "қорқытуда"

4357
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше күннен бері Түркияға барып бизнес бастағысы келген қазақ қыздарының қазіргі жан-айқайы желіні шулатқан еді. Белгілі блогер Ұлдана Ерқасымқызы мен кәсіпкер Динара Қосжан өздерінің офлайн оқуларына әр адамнан 700 мың теңге алып Түркияға шақырған. Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбекке көмек сұрап шыққан қыз-келіншектердің ісі әлі де қаралып жатыр. Динара Қосжан өз үстінен шағым айтқандарды "қорқытып жатыр" деген сыбыс тарауда. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өз парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Динара Қосжан өз үстіне арыз жазып шағымданғандарды "5-6 ай Стамбулда қаматамын" деп қорқытқан.

“Айгүл апа бізді 5-6 ай Стамбулда қаматып қалдырамын, мықты адвокат жалдапты біз қорқып жатырмыз” деп жазып жатқан Стамбулда жүрген қыздар!
Адам өлтірген қылмыскер де өзін қорғап қалу үшін адвокат жалдайды.
Бүкіл әлемнің адвокатын жалдап қорғанса да, егер сіздер көп болып, шындық сендер жақта болса, жазаны адвокат емес СОТ шығарады!
Халықты алдамаған, арты таза адам әр түрлі видео салып ақталып, қорқытып, үркітпей бірден Сотқа барады.
Өз іс әрекеттерінде заңсыздықтары бар адам ғана осылай қоқан лоқыға көшеді!",- деді жазбасында Айгүл Орынбек.
Егер кінәсіз болса, былай ақталмас еді, қоқаң лоқыға жол бермес еді деген заңгер бұл істің артында бір шикілік тұрғанын жасырмады.
"Сол себепті қыздар сіздер өздеріңе сенімді болып, арызданушылар қатары көбейген сайын, ол адамның қылмыстық жауапкершілігі ұлғая түседі!
Бүкіл қоқан лоқы, шантаж жасаған аудио жазбаларын сақтап қойыңыздар! Жасаған қылмысының үстіне қылмыс қосылып жатыр.
Адвокат жалдаған адам қоқан лоқыдан бұрын алдағы уақытта осындай заңсыздықтар жасамау керек екенін білу керек!
Адвокат жалдау суретін салып қойып елдерді қорқытып үркіту емес, адвокаттың пайдалы кеңестерін тыңдау болып табылады!
Бірақ слишком ақылды миллионерлер, адвокатты да тыңдамауы мүмкін!",- деді.
Түркияға миллионер боламыз деп кеткен қыздардың біразы осындай шағыммен елге хабарласқан. Бастарына қауіп-қатер төніп тұрғандарын айтып әлек. Тіпті, тұрақтайтын жері болмай, аэропортта түнегендері де бар.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер