Шымкентте инфекциялық стационарларда 2397 төсек орын жабылды

1660
Adyrna.kz Telegram

Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды», - деді Алексей Цой.

Мәселен, Шымкент қаласында 2 397 инфекциялық төсек орын жабылып, 5 496 төсек-орын резервке қойылды. Қалада 22 тамыз-13 қыркүйек аралығында инфекция жұқтыру дерегі төмендегенін көруге болады. Қазір 15 инфекциялық стационарда барлығы 2 183 орын бар, төсек-орын толымдығы 36%-ды құрайды, 1391 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 791 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 158 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте 217 адам ауруынан айығып, үйіне шығарылды. Жалпы жыл басынан бері Шымкентте 32 770 адам КВИ жұқтырған. 31 708 адам жазылып шықты, 1157 адам өкінішке орай қайтыс болды. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша Шымкент 2-орында тұр. Егу науқаны басталғалы барлығы 463  001 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 387 478 адам вакцинаның екі компонентін де алған. Бұл екпе алуға болатын санаттағылардың 86,1 пайызын құрайды.

Пікірлер