Зеленский алғаш рет оффшорлық тергеу туралы түсініктеме берді (видео)

2888
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский ICTV-ге берген эксклюзивті сұхбатында алғаш рет "Офшор 95" зерттеу фильміне түсініктеме берді, онда 2012 жылдан бастап Зеленскийдің оффшорлық фирмалары мен оның "Квартал 95" командалары олигарх Игорь Коломойскиймен байланысты компаниялардан 40 миллион доллар алған деп айтылған.  Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

- Шынымды айтсам, сюжет онша емес. Мен кәсіби маман ретінде айтамын. Неліктен? Біріншіден, жаңа ештеңе жоқ, бұл мен үшін жәй ғана дежавю сияқты болды. 2019 жылы мен Порошенконың арналарында дәл осындай фильмді көрдім, ол маған қарсы ешқандай кір жоқ екенін түсінгендіктен көрсетілді, - деді Украина президенті.

Сонымен қатар Зеленский мұндай зерттеулерді ескі әңгіме деп атады.

- Мен мұның бәрін естідім, бәрін көрдім.  Мен өзіме қатысты жаңа нәрсе көрмегеніме қуаныштымын. Бұл 2019 жылдан бері менің Украина президенті ретінде Порошенконың маған қарсы ештеңе таппағанын көрсетеді. Бұл қуантады», - деді мемлекет басшысы.

Ол офшорлық компанияны қолданғанын жоққа шығарасыз ба? - деген сұраққа әрқашан өз қызметін ашық, жариялы жүргізетінін мәлімдеді.

"Мен жасағанның бәрін адамдар біледі. Бұл телевизиция, фильмдер, телешоулар (танымал және танымал емес: әркімнің талғамы әртүрлі). Янукович кезінде әркім өз бизнесін құрды, әсіресе теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты. Барлық арналардың шетелде компаниялары болды. Неліктен? Саясат саған әсер етпеуі үшін солай істелінді. "Квартал 95" те соның қатарында. Барлығы қысым жасап, әсер еткісі келеді", - деді Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер