Ресейдің тынысы тарылуда: 1 күнде 999 адам қайтыс болды

2913
Adyrna.kz Telegram

Ресейде коронавируспен ауыратын науқастар мен өлім-жітімге қарсы рекордтар жаңартылды. Бір  тәулік ішінде 32 196 инфекция жұқтыру жағдайы анықталып, 999 адам қайтыс болды. Мұндай мәліметтер 15 қазанда Ковид-19-бен күрес жөніндегі федералды жедел штабта берілді.

Жалпы пандемия басталғалы Ресейде 7 925 176 адам коронавирус жұқтырған. Штаб есебінен алынған белсенді жағдайлардың, яғни қазіргі уақытта емделіп жатқан науқастардың саны 743 839-ға дейін өсті. Барлығы 221 313 адам инфекциядан қайтыс болды. Шартты өлім-жітім (түпкілікті эпидемия аяқталғаннан кейін ғана анықталуы мүмкін) 2,79% деңгейінде қалып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер