Бейтаныс біреу садақпен 5 адамды мерт қылды

3606
Adyrna.kz Telegram

Норвегияның Конгсберг қаласында бейтаныс адам садақпен 5 адамды өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Онымен қоса, тағы 2 адам жарақат алды. Бірі тәртіп сақшысы.

Полиция күдіктіні қолға түсірген. Деседе, оның неліктен осындай қадамға барғаны әлі де белгісіз.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті билік өкілдері бұл істі теракт деп болжауда.

Оейвинд Аас, полиция қызметкері:

- Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен тікұшақтар тартылды. Оқ атқан күдікті абақтыға қамалды. Әзірге оның есімін жариялай алмаймыз. Қылмыс болған жер қоршалды. Мән-жайды анықтау үшін куәгерлерден жауап алынып жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер