Қытайдың Солтүстік Шаньси провинциясында су тасқыны орын алып 15 адам қаза тапты. Сондай-ақ үшеуі хабар-ошарсыз кетті. 120 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын. Бұл туралы провинцияның Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ван Цижуй баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр провинцияның 11 қаласы мен 76 уезінде 1 757 100 адамның апатқа ұшыратты. Салдарынан 15 адам қайтыс болды. Үшеуі хабар-ошарсыз кетіп, 120,1 мың адам шұғыл эвакуацияланды. 19,5 мыңнан астам ғимарат қирап, 18,2 мың адам ауыр жарақат алды. Тікелей экономикалық залал 5,03 миллиард юаньға (шамамен 780 миллион доллар) бағаланды", - деді Ван Цижуй.
Биліктің хабарлауынша, 2-7 қазан аралығында провинцияда метеорологиялық бақылау тарихында болмаған су тасқыны болды, көптеген аудандарда нөсер жаңбыр бірнеше күн бойы тоқтаған жоқ.
“Адырна” ұлттық порталы
Президент Тоқаев пен Си Цзиньпин Астанадағы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды