Теміртауда медициналық мекеменің күзетшісі COVID-19-дан қайтыс болған науқастың ұялы телефонын ұрлады,-деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
11 тамызда 67 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласының УЕ Ескі қалалық полиция бөліміне жүгінді. Ол медициналық мекемелердің бірінде белгісіз біреу коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 65 жастағы әйелінің 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.
«Жедел іздестіру кезінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 33 жасар ер адам боп шықты. Ұялы телефон тәркіленді. Күдікті ұсталардан бірнеше күн бұрын медициналық мекемеде күзетші болып жұмыс істеген », - деді Қарағанды облысы ДП басшысы Ерлан Файзуллин.
Ұқсас жаңалықтар
3518 адам өлімі: Германияда концлагерьдің 100 жастағы бұрынғы күзетшісіне қатысты сот процесі басталды