ATACMS атылғаннан соң 2 күн өтіп Путин мәлімдеме жасады

1020
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен арада болып жатқан соғысқа қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттыш порталы,

Ол “қақтығыс” ғаламдық сипатқа ие болғанын айтты.

Сондай-ақ, ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

Путин Ресей эскалацияға жауап беретінін және өзінің нысандарына шетелдік қаруды қолдануға рұқсат берген елдердің нысандарына қару қолдануға құқығы бар деп есептейтінін атап өтті.

Еске салайық, Тоқаев Премьер-министрге, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Пікірлер