СӘБИТ РЫСБАЕВ: Машинаның бағасы Ер Төстік сияқты өсіп жатыр

3801
Adyrna.kz Telegram

Бізде машинаның бағасы Ер Төстік сияқты геометриялық прогреспен өсіп жатыр. Жаңа машина деп айтпай ақ қояйын. Жағдайы дұрыс машина айдау да арман болып қалды. Ескілеу болса да жағдайы дұрыс машина айдау қажеттілік емес, байлықтың бір көрінісі секілді.

Автосалондарда машина жоқ. 2-3 айдан соң келеді деп заказ қабылдайды. Келеді ма жоқ па құдай білсін. Сырттан машина кіргізбейді. Кіргендердің бағасы қымбат болып кетеді. Жұмыста бір жігіт 82-інші жылғы машина айдап жүр. Мамасы 83-інші жылғы екен. Машинасы мамасынан кәрі. Ретро болып еріккеннен емес, жаңасына қолы жетіспегеннен айдайды.

Дубайда 5 жыл істеп келген танысым ол жақта 2-3 айлығыңды жинасан машина аласың дейді. Кедендік Одақ деген елдердің ішінде көлік бағасының ең қымбаты бізде. Қырғыздар мен армяндардан қалған машинаны айдау да арман болды. Солтүстік пен батыс жақта көшеде жүрсен Ресейде жүргендей боласың. Ресей жалауымен көліктер толып жүр. Транзит емес. Қазақстандықтар. Көбісінің документтері де дұрыс емес. Мына утиль сбор деген бәлені құртып, көлік бағасының түсуіне жағдай жасамаса болмайды. Күйеуінен таяқ жеген әйел өзімнен де бар ғой деген екен. Билік басымызға тышып отырса да, үндемей отыра беретін өзімізден де бар ғой негізі. Неге біз көліктің қымбаттауына жол бердік екен. Ескі көліктерді мың жамап айдау адам өміріне де қауіпті. Неше адам ескі көліктің кесірінен ана дүниеге ерте аттанып жатыр…

Пікірлер