“СҚ-Фармация” төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды

1202
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның не себепті қызметтен кеткені туралы ақпарат берілмеді.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ол 18 маусымда қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған.

Пікірлер