Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қаралы хабарды журналист Өміржан Әдбіхалықұлы жеткізді.
«Құлагердің тұяғы ғой, өмірден озыпты, 91 ге қараған шағында. Иманы жолдас болсын!»– деді ол.
Алаш арысының ұрпағы 1930 жылы 21 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қоғам қайраткерінің үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған.
«Адырна» ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.
«Адырна» ұлттық порталы