28 тамыздан бастап карантин режимі қалай жеңілдей бастайды?

3382
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады.

Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары - "ASHYQ" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне, сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:

- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер