Путин: Ресей революцияның лимитін тауысты

3132
Adyrna.kz Telegram

Ресей революциялардың барлық лимитін тауысып, енді тек қана эволюциялық дамуды қаладйы. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

Меркель Навальныйды босату туралы Путинмен сөйлескенін айтып, Алексей Навальныйға шығарылған үкімді қабылдамайтынын жеткізді. Ресей президенті, өз кезегінде ол мәселеге қатысты былай деді: "Сіз айтқан айыпталушыға келетін болсақ, ол саяси қызметі үшін емес, шетелдік серіктестерге қарсы қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталды". 

Түсініктемеден кейін Путин Ресей революциялардың лимитін тауысқанын, енді тек эволюциялық дамуды қалайтынын қоса айтты. Ал Путиннің айтуынша сыбайлас жемқорлықпен күресу маңызды нәрсе, бірақ оны саяси күрестің құралы ретінде қолдануға болмайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер