Қазақстан мен Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері кездесті

2452
Adyrna.kz Telegram

20 тамыз 2021 жыл. Бүгін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькованың онлайн-кездесуі өтті. Кездесу барысында адам құқықтарын ілгерілету және қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ресейлік омбудсмен Татьяна Москалькова Қазақстанның қоғамдық бақылау бойынша оң тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық Омбудсмен Эльвира Әзімованы РФ-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және РФ-дағы сайлау барысында азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік Омбудсмендердің жұмысымен танысуға шақырды.

Кездесу барысында Э.Әзімова Адам құқықтарын қорғау және кемсітпеу мақсатында ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды. Екі ел арасындағы тұрақты достық қарым-қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Э.Әзімова Қазақстан мен Ресей Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, тілдік белгісі бойынша қудалауға жол бермейтін Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның қатысушылары болып табылатынын еске салды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: "тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды...". Ұқсас норма Ресей Федерациясының Конституциясында қарастырылған.

Осыған байланысты Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл ҚР және РФ құқық қорғау органдарына бұндай фактілерді мұқият тексеру және жолын кесу, жеке өзі жасайтын немесе көтермелейтін, оның ішінде Интернет желілерді пайдалана отырып, осындай кемсітушілікті жасайтын құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы жүгінуді ұсынды. Э.Әзімова халықаралық қоғамдастықтың мұндай фактілері адам құқықтарының өрескел бұзылуы деп танылып, ұлтаралық алауыздықтың өршуіне ықпал ететінін, нәтижесінде қоғамдағы тұрақсыздық пен қақтығыстарға, қайғылы оқиғаға әкеп соқтыратын агрессияны және өшпенділікті тудыратынын атап өтті. "Мемлекеттік және басқа да тілдерді құрметтеу саясатын ілгерілету адамды және оның құқықтарын құрметтеу қағидаттарында тек қана бейбіт және заңды тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

Бұл қарапайым азаматтарға ғана емес, азаматтық және саяси қайраткерлерге де қатысты. Біз басқа азаматтарға, оның ішінде тілдік белгілері бойынша агрессияны, өшпенділікті және төзбеушілікті тудыратын жария мәлімдемелерді көтермелемеуіміз керек", - деп атап өтті Әзімова кездесу барысында.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер