Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызы не себепті "Алтын белгі" алғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы барлық "Алтын белгі" иегерін білімге құштарлығы мен мақсатқа жетудегі табандылығы үшін ризашылығын білдіріп, оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша "Алтын белгі" иегері екенін хабарлайды.
Құжаттардың үлгілік ережелердің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген мониторинг бойынша ешқандай заң бұзушылық анықталмады»,– делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы