Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов теміржол пойызының алғашқы рейсті салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты.
Облыс әкімі жолаушылар пойызының барлық вагондарын санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, құттықтау сөз сөйледі.
- Осы рейсті ашудағы басты мақсатымыз - жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Риза болған тұрғындардың пікірін естідім. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Барлық әріптестеріме осы атқарылған жұмыстар үшін алғысымды айтамын, - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Жолаушы Раушан Иманбаева бұл сәтті ұзақ күткендерін айтты. "Тікелей рейске отырып, үйге осындай жайлылықпен бара алатынымды білу қандай жақсы қуаныш. Бүгін біз үшін нағыз мереке » - деді Раушан Иманбаева.
Еске сала кетелік, құрамында 3 вагоны бар пойыз жергілікті уақыт бойынша Атырау қаласынан сағат 11: 00 -де, Д.Нұрпейісова станциясынан 18:42-де шығады.
Пойыз құрамында үш вагон бар.