Жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қайтыс болды

8737
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан бір отбасының төрт адамы қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«16 тамыз күні сағат 19.15-те Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы “Самара-Шымкент” автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне әкеп соқты. Полиция қызметкерлері Шалқар ауданының тұрғыны 39 жастағы Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Ырғыз кенті бағытында 1080 шақырымында Қалыбай ауылына жақын жерде “Самара-Шымкент” автожолымен жүріп келе жатқан Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқанын анықтады»,– делінген хабарламада.

ЖКО салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы зайыбы, 11 жасар ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал ерлі-зайыптылардың 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, дәрігерлер бес жастағы баланың өмірін аман сақтап қала алмады.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер