Халық санағына дайындық кезеңі аяқталды

2069
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында халық санағына дайындық кезеңі аяқталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының Шымкент қалалық департамент басшысы Ерназар Құлтаев мәлімдеді. Жиында санақтың 1-ші кезеңін өткізу барысындағы туындаған мәселелер талқыланды.

Биыл елімізде 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында халық санағы алғаш рет онлайн өтеді. Қазіргі таңда өңірлерде дайынық жұмыстары қызу жүргізіліп жатырү Алайда, Шымкент қаласында санақ өткізу барысында бірқатар мәселелер туындаған. Жауаптылар көрсетілген қызметтері үшін төленетін ақы мөлшеріне және далалық жұмыстарды жүргізуге қызығушылық танытпаған. Әсіресе, қала шетінде тұратын тұрғын алабтардағы халықтарға селқос қараған. Бүгін ол қызметкерлердің 75-сі жұмыстан босатылып, оның  9-мен жаңадан келісім шарт жасалды,-дейді Ерназар Сейітханұлы.

Ерназар Құлтаев - Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Бүгінде әрбір Қазақстан азаматына халық санағының маңызды екені ескертіліп жатыр. Қалада адам көп шоғырланатын жерлерде жәнеи қоғамдық көліктерде 5000-ға жуық ақпараттық парақшаларды ілу қарастырылып отыр.Ал, 16 тамыздан бастап, санақтың маңыздылығы мен мәні жөнінде арнайы бейне және аудиороликтер көрсетілмек.

Ерназар Құлтаев - Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Айта кетейік, 2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады.Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

 

Пікірлер