Теміртауда ерекше той өтті. Мейрамханаға жасырын жиналғандар мониторингтік топ келгенде ғимараттың басқа жағынан шығып қашқан. Біреулері далаға жүгірсе, енді бірі полицияның көлігін көріп, кері қашқан. Бейнежазбадан олардың арасында балалардың да бар екенін байқауға болады. Қала әкімдігінің дерегінше, 9 тамызда «102» қызметіне Теміртаудағы Grand Hall мейрамханасына көп адамның жиналғаны туралы хабарлама түскен. Алайда, ғимараттың әкімшілігі мониторингтік топты кіргізбей, әлек салыпты. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап "Адырн"аұлттық порталы хабарлайды.
: "Мониторингтік топ келгеннен кейін факт расталды. Алайда мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер жасырын есіктен қашқан" дейді Гүлнұр Әбдіғалиева, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Жергілікті әкімдіктің мәліметі бойынша, мейрамхана иесіне 670 мың теңге айыппұл салынады. Айта кетейік, қазіргі таңда Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақ» санатында тұр.
"Адырна" ұлттық порталы