Екпеге қарсы бір отбасы түгелдей коронавирустан қайтыс болды. Оқиға Португалияда орын алған. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға туралы қайтыс болғандардың туысы Фрэнсис Гонсалвеш айтып берген.
Гонсалвештің айтуынша, оның анасы, әкесі және бауыры коронавирусқа қарсы екпе салуға қарсы болған, осылайша олар вакцинаға қарсылардың насихатынан зардап шеккен. Үшеуі де коронавирус жұқтырып, бір апта ішінде қайтыс болған.
Ер адам оқиғасын бұл жағдай вакцинаға қарсыларды дұрыс шешім жасауға, сол арқылы екпе алып, аман қалуына үндеу үшін айтуды ұйғарыпты.