Облыстық полиция департаменті госпиталінің мәліметінше, өңірдің 2 мыңға жуық тәртіп сақшысы әлемді жайлаған індеттен қорғайтын вакцинаның бірінші бөлігін қабылдаған.
- Бүгінде екпе салдырған патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары өзге құрылым қызметкерлерінен гөрі халықпен тығыз жасайтын алдыңғы шептің қызметкерлері. Сондықтан ішкі істер құрылымдарының өкілдері індет жұқтыру қаупі жоғары топқа жатады. Әрине, үкімет қаулысына сәйкес медицина қызметкерлері секілді тәртіп сақшылары да алғашқылардың бірі болып әлемді жайлаған індетке қарсы вакцина қабылдауы тиіс. Құқық қорғаушылардың екпе алуы тұрғындардың да саулығын қамтамасыз етеді, - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің арнайы өкілі, полиция майоры Ақбота Әзірбек.