Жемқорлыққа жол жоқ!

3600
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлық – адамзаттың дамуынан бері келе жатқан ең көне категориялардың бірі. Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойған ешқандай мемлекет, қоғам, дін және идеология жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес биліктің мемлекеттік институттарының тұрақты серігі болып табылады. Бүкіл әлем осы зұлымдықпен күресуде.

Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуы жөнінде мынадай жұмыстар жүргізуде:

Басқарма қызметкерлеріне аппараттық жиналыстарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын жұмыс барысында сақтауға және орындауға қатаң ескерту жасалды. Әдеп кодексі нормаларының қызмет барысында бұзылмауын, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау стандарттарының қатаң түрде сақталуына, сыйлық алуға тыйым салынатыны және мұндай мәселе туындаған жағдайда уәкілетті органға тапсыру тиістігі үнемі ескертіліп отырады.

Басқармада «сенім телефоны» (2-25-97) орнатылған және қоңырау шалған адамдар тіркеу журналына жазылады. Қазіргі таңға дейін «сенім телефоны» арқылы қызметкерлерге заңға қайшы әрекеттері үшін шағым тіркелмеген.

Сонымен қатар, басқармада жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарға арналған пошта жәшігі орнатылған.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2-н бұйрықпен бекітілген Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлген.

Сондай-ақ, басқармада техникалық сабақтар өткiзу жоспарға сәйкес басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында бекiтiлген iс-шара тақырыбында құқықтық оқулар тұрақты өткiзiлiп тұрады.

Басқарма қызметшілері жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі туралы аппараттық жиындарда қаралып, қатаң түрде ескертіліп отырады. Құқықтық-моральдық нормаларға сәйкес және жалпылама антиорта қылығына сонымен қатар, қызметтен тыс уақытта басқарма қызметкерлеріне әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде оның ішінде «Мой мир», «Одноклассники», «ВКонтакте», «Instagram» мемлекеттік қызметкерлеріне сын болып табылатын фотосуреттер мен бейнежазбалар орналастыруға тыйым салынатыны жөнінде және қадағалау жүргізілетіні хабарланды.

Басқарма ғимаратында баршаға көріне-тіндей жерде «Әдеп кодексінің» мәтіні ілінген.

 

Пікірлер